Ақмола облысында қазандық жарылып, қаза тапқан адамның отбасына көмек көрсетіледі

0
586

18 қарашада Аршалы ауылында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепте жеке орналасқан от жағатын орталықта қазандық жарылды.


Ақмола облысында қазандық жарылып, қаза тапқан адамның отбасына көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылып, қаза тапқан адамның отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық материалдық көмек көрсетіледі, деп жазады zakon.kz.

"Жергілікті атқарушы органдар Аршалы ауданының әкімдігі атынан қаза тапқан адамның отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруда барлық қажетті материалдық көмек көрсететін болады".Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 қарашада Аршалы ауылында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепте жеке орналасқан от жағатын орталықта қазандық жарылды.

Оқыс оқиға кезінде үш адам зардап шекті: шаруашылық жөніндегі меңгеруші, электр маманы және от жағатын жұмысшы. Үшеуі де ауруханаға түсті.

Түнде мектеп қазандығы жарылған кезде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.