Ақмола облысында қызылша дерті дәрігерлердің өзіне жұға бастаған

0
1 700

Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған.


Ақмола облысында қызылша дерті дәрігерлердің өзіне жұға бастаған

ERNUR.KZ. Медицина қызметкерлері науқастарға ем-дом жасап жүріп, осы індетті жұқтырыпты, деп жазады ktk.kz.

"Бүгінгі таңда 6 медицина қызметкері қызылша ошағындағы адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар ем қабылдап, медициналық бақылауда отыр" - дейді Әсем Төлеубаева, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Мамандар медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруына олардың вакцина алмауы, болмаса, иммундық қабілеттерінің төмендеуі де себеп болуы мүмкін, - дейді.

Қазірдің өзінде Ақмола өңірінде 77 адамнан қызылша дерті байқалған. Олардың барлығы есепке алынып, жұқпалы дерт ошақтарында залалсыздару шаралары жүргізілді. Медицина қызметкерлеріне эпидемияға қарсы екпе жасаудың тиімділігі түсіндіріп жатыр екен.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі енді сәбилерге 1 жастан емес, 9 айынан бастап вакцина салмақшы. Өйткені, ауыруға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алып үлгермеген сәбилер.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы: -Елімізде осы аурудың көтерілуі байқалып жатыр. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап зерханалармен расталған 1 мыңға жуық жағдай тіркелді. Толығымен вакцинация жүргізу үшін вакцина бар. Тағы 100 мың вакцина сатып аламыз.