Ақмола облысында науқастың асқазанынан 112 шеге шықты

0
816

Науқастың шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз.


Ақмола облысында науқастың асқазанынан 112 шеге шықты

ERNUR.KZ. Көкшетауда ер адамның асқазанынан дәрігерлер жалпы салмағы 800 грамнан асатын 112 бұрамалы шеге алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Операция Ақмола облыстық ауруханасында жасалған. Оған 5 бірдей дәрігер қатысты. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, ер адам аймақтағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан. Оның осыншама шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз.

Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы жақсы дейді. Тіпті ауруханадан да шығып үлгерген.