Ақмола облысында өз үйінде ерлі-зайыптының денесі табылды

0
2 421

Үйдің ішінде әкесі мен анасының жансыз денесін ұлы табады.


Ақмола облысында өз үйінде ерлі-зайыптының денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында өз үйінде ерлі-зайыптылардың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы наурыздың 14-де Астрахан аудандық полиция бөліміне 32 жастағы ер адам телефон арқылы хабарласып, Жалтыр ауылында тұратын ата-анасының көз жұмғанын айтты.


«Осы оқиға биылғы жылдың 14 наурызында Астрахан ауданының полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында №211136030000290, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде №211136031000070 «адам өлімі» бабы бойынша тіркелді», - деді ведомстводан.


Ұлының айтуынша, ата-анасы Жалтыр ауылындағы үйінде өздері ғана тұрған. Соңғы рет, ол оларды наурыздың 9-да ғана көрген. Кейін наурыздың 14-де ата-анасының үйіне барып, есік жабық тұрған соң, терезеден ішке кіреді. Сол кезде үйдің ішінде әкесі мен анасының жансыз денесін табады.


«Алдын ала анықталғандай, қарт адамдар иіс тіип көз жұмған. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр», - деп толықтырды ведомстводан.