Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны басып кетті

0
503

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.


Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны басып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті, деп жазады Polisia.kz.

11 мамырда Ақмола облысы Жамантұз – Бурабай станцияларының аралығында "Петропавл–Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолға шығып кеткен жылқыларды байқап, шұғыл тежегішті басқан. Алайда оқыс оқиғаның алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 7 жылқыны қағып кетті. Пойыз жоспардан тыс 23 минут тұрды.
Көкшетау станциясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жылқылардың иесін, Ақмола облысының 48 жастағы тұрғынын анықтады.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Дәл сол күні Ақмола облысының Сарыоба – Еркіншілік аралығында да осындай жағдай болды. "Астана – Павлодар" бағытындағы электр пойызының астына 5 бас жылқы түсті. Бұл жағдайда да мал иесі анықталып, теміржол жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.