Ақмола облысында сібір жарасының қаупі сейілді

0
911

19 тамызда залалданған еттің 80 пайызы жойылған болатын.


Ақмола облысында сібір жарасының қаупі сейілді

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Аршалы ауданы Ольгинка ауылында түйнеменің тұтануына байланысты биыл 17 тамызда енгізілген карантин алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында жарияланды. Ауылдың барлық үйлері зарарсыздандырылғаннан кейін ауруды қоздырғыштар табылған жоқ. Бұны сараптаманың қорытындысы растады. Сондай-ақ малдардың ауруды жұқтыруы мен өліміне әкеп соққан жаңа жағдайлар тіркелген жоқ, делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда эпизоотикалық жағдай тұрақты және өңір мал дәрігерлік қызметінің бақылауында тұр. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сай, адамдар арасында жаңадан қауіпті дертті жұқтыру анықталмаған. Бұған дейін ауруханаға жатқызылған адамдар және олармен байланысты болғандар медициналық мекемеден шығарылды.

Еске салсақ, 18 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантин жарияланды. 19 тамызда залалданған еттің 80 пайызы жойылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров індет топырақтан шықты деген болжам айтқан еді.