Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң табылды

0
543

Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған.


Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында бес күн бұрын суға батып кеткен бойжеткеннің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.
Суға кеткен бойжеткен БАҚ-та СММ маманы болып қызмет еткен, бұрын ҚазАқпарат халықаралық агенттігінде жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батқан 27 жастағы бойжеткеннің денесі үш күннен бері табылмай жатқанын жазған едік.