Ақмола облысында туристік нысандар қалыпты тіршілігіне қайта оралды

0
742

Қазір қазақстандықтардың шетелге шығу мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, биыл ішкі туризмнің дамитыны сөзсіз.


Ақмола облысында туристік нысандар қалыпты тіршілігіне қайта оралды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының туристік нысандары үш ай карантиннен соң қалыпты тіршілігіне қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Қазір әсіресе, Зеренді мен Бурабайдағы демалыс орындарының тамырына қан жүре бастаған. «Дегенмен, кісі қарасы әлі де аз», - дейді ондағылар. Мәселен, Бурабайда бір қонақүйде 5-6 бөлме толса, енді бірінде 3-4 нөмір ғана жұмыс істеп тұр. Алайда, кәсіп иелерінің алдағы күндерден үміті зор. Себебі, жаз айларына алдын ала орын алып қойып жатқандар бар екен.

«Ал, қазір қазақстандықтардың шетелге шығу мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, биыл ішкі туризмнің дамитыны сөзсіз», дейді, сала мамандары.

Айта кетейік, Ақмола облысында 300-ден астам мейманхана мен демалыс орны бар. Олардың барлығы санитарлық дәрігерлердің тексерісінен өтіп, арнайы рұқсат қағазын алған.


- Кісі келгенде біз дене қызуын өлшеп барып кіргіземіз. Маска міндетті түрде болуы керек. Барлық жерге санитайзерлер қойылған. Ал, бөлмелерді күнара дезинфекция жасаймыз, - дейді қонақ үй әкімшісі Әсел Тілеукина.