Ақмола облысында жол апатынан әкім көз жұмды

0
1 158

Жол апаты Атбасар ауданының аймағында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.


Ақмола облысында жол апатынан әкім көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жол апатынан ауыл әкімі қайтыс болды. Қайғылы жайт 14 желтоқсанда кеште Тарасов ауылдық округінің басшысы Атбасар қаласынан үйіне қайтып келе жатқан уақытта болған. Бұл хабарды Жақсы ауданының әкімдігі де растады, деп жазады nur.kz.

Жол апаты Атбасар ауданының аймағында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.

Тарасов ауылдық округінің әкімі, 51 жастағы Мирасхан Мұратов Атбасар қаласынан Тарасовка ауылына қарай қызметтік "Нива" автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан.

Алайда жолда жүк көлігімен соқтығысқан. Ауылдық округтің басшысын құтқару мүмкін болмаған.

Жақсы ауданының әкімдігінде атап өткендей, қазіргі уақытта полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталмыш факті бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның артында отбасы, үш баласы қалды. Олардың бірі кәмелет жасына толмаған.

Ертең әріптестері Мирасхан Мұратовты соңғы сапарға шығарып салады. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі.