Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

0
566

Көлік жол жиегінеде шығып кеткен.


Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы тас жолда жүріп келе жатқан көлік жол жиегіне ұшып кетіп, өртеніп кеткен, нәтижесінде екі адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

26 қазанда сағат 02.30-да Ақкөл АПБ кезекші бөліміне Ақкөл ауданы Азат ауылының жанында көліктің жол жиегінеде шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция Азат-Степногорск автожолының 6-шы шақырымында 28 жастағы Mazda Cronos жүргізушісі Степногорск қаласынан Нұр-Сұлтан бағытына қарай қозғалып, рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылғанын анықтады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 28 жастағы жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы мерт болды.


"Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда", - делінген хабарламада.