Ақмола облысында жол апатынан екі полицей көз жұмды (видео)

0
572

Оқиға орнынан қайтып келе жатқан екі учаскелік полиция қызметкері мерт болды.


Ақмола облысында жол апатынан екі полицей көз жұмды (видео)

ERNUR.KZ. Шучинскіде полиция қызметкерлері жол апатынан қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қазанда Шучинск қаласында Абылайхан - Сейфуллин көшелерінің қилысында "Мебелин" дүкенінің маңында Абылайхан көшесімен жүйткіп келе жатқан Lexus NX20 автокөлігінің жүргізушісі Сейфуллиннен Абылайхан көшесін қиып өткен Бурабай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің Lada-21214 қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.



- Лада қызметтік көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - Бурабай аудандық полиция департаментінің ОМПС учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында қайтыс болды. Қайтыс болған қызметкерлер кезекшілікте болған және жол-көлік оқиғасы болған кезде оқиға орнынан қайтып келе жатқан, - делінген хабарламада.

Lexus жүргізушісі бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 200, 346-баптары бойынша сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған Шучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі, яғни "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалып, ол қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, - дейді полициядағылар.