Ақмола облысында жолда бір арқанға жармасқан адамдар видеоға түсіп қалды

0
688

Ол жерде жиырмаға жуық адам болған.


Ақмола облысында жолда бір арқанға жармасқан адамдар видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ерейментау ауданында қар құрсауында қалып қойған жиырма шақты адам арқанның көмегімен құтқарылды, деп жазады sputniknews.kz.

"Олар дін аман. Ешбірі де медициналық көмекке жүгінбеген. Жолаушылар Ерейментаудағы жылыту бекетіне жеткізілді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ерейментау–Торғай тасжолымен жүріп келе жатқан 20 көлік Ерейментау қаласына 10 шақырым жетпей, қар құрсауында қалып қойған. Ол жерде жиырмаға жуық адамдар болған.

Қарға батқан көліктер мен эвакуациялауға жұмылдырылған арнайы техникаға дейін адамдар арқаннан ұстап жеткен. Боранның күшті болғаны соншалық, жол көрінбей кеткен. Құтқарушылар қар құрсауында қалғандарды осындай әдіспен аман алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізді.