​Ақмола облысындағы макарон фабрикасы өз өнімдерін экспортқа шығара бастады

0
1 867

Ақмола облысының Аршалы ауданындағы былтыр күзде ғана іске қосылған макарон фабрикасы өз өнімдерін экспортқа шығара бастады


​Ақмола облысындағы макарон фабрикасы өз өнімдерін экспортқа шығара бастады

ERNUR.KZ.Ақмола облысының Аршалы ауданындағы былтыр күзде ғана іске қосылған макарон фабрикасы өз өнімдерін экспортқа шығара бастады, деп жазады 24.kz.

Қазір өндіріс ошағы Қырғызстанға айына 80 тонна өнім жөнелтеді. Ал алдағы уақытта тағы бірнеше алыс-жақын шет мемлекеттерге макарон жеткізбек. Жалпы фабрика күніне 200 тоннаға жуық ұнды өңдеп, одан 24 тонна өнім шығарады. Ал макаронның қазір 11 түрі өндіріледі. Мұнда 100 адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – жергілікті Анар ауылының тұрғындары.

Айта кетейік, Астана қаласының азық-түлік белдеуі бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 11 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бейбітжан Бейсекин, фабрика директорының орынбасары:

Біздің жоспарымыз – өнім түрлерін көбейтіп, сатылым нарығының аумағын кеңейту. Қазір Қырғызстан және Ауғанстанмен сауда байланысын орнатып отырмыз. Ал алдағы уақытта Өзбекстан, Ресей және басқа да шет елдерге макарон жібереміз. Ал елімізде Алматы, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларында өкілдіктеріміз бар.