Ақмолада 2 жасар бала даладағы дәретханаға құлап көз жұмды

0
377

Екі жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған дәретханаға құлап кеткен.


Ақмолада 2 жасар бала даладағы дәретханаға құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында далада тұрған дәретханаға құлаған екі жасар бала көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 маусым сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық ПБ кезекші бөліміне ауылдардың бірінде болған. Екі жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған дәретханаға құлап кеткен.

«Оқиға орнына полиция, ТЖМ қызметі, жедел медициналық көмек қызметкерлері барды. Бала оқиға орнында есін жимастан көз жұмды», - деді ведомстводан.