Ақмолада жылына 40 тонна қоян етін өндіретін ферма ашылды

0
1 050

Қазіргі заманға сай жабдықталған фермада бір мезгілде 5 мың қоян ұстауға болады.


Ақмолада жылына 40 тонна қоян етін өндіретін ферма ашылды

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік мерекесіне орай Степногор қаласына қарасты Изобильное ауылында жылына 40 тонна қоян етін өндіретін ферма ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әкімдіктің мәліметінше, «Diet-kroliк» қоян фермасын ашқан - кәсіпкер Николай Андриенко. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі заманға сай жабдықталған фермада бір мезгілде 5 мың қоян ұстауға болады. Осы арқылы жылына 40 тонна қоянның диеталық етін өндіру жоспарланған.

Қазіргі кезде Ақмола облысы және Ресейден етті бағыттағы 60-тан астам қоян сатып алынды.

«Алдағы 2020 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы өнім қала дүкендерінде сатыла бастайды», - дейді ферма басшысы Николай Андриенко.

Ферманың ашылуына Степногор қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов қатысып, кәсіпкердің қолға алған жұмысына сәттілік тіледі.