​Ақмолалық баскетболшылар ел чемпионы атанды

0
2 390

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысқан.


​Ақмолалық баскетболшылар ел чемпионы атанды

сурет:sportsdaily.ru

ERNUR.KZ. Ақмола облысының баскетбол құрама командасы Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының Текелі қаласында 2004-2005 және 2006-2007 жылғы қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысқан. Жоғары жастағылар арасында Ақмола облысының құрама командасы қостанайлықтардан басым түсіп, чемпион атанды. Ал, үшінші орынды Шымкент құрама командасын тізе бүктірген алаң иелері жеңіп алды.

Чемпионаттың ең үздік ойыншысы атағына ақмолалық Валера Шмидт лайық деп танылды. Ақмолалық баскетболшылар Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленуде. Жаттықтырушылары - Татьяна Волкова және Виктория Волкова.