Ақмолалық мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келе бастады

0
2 948

Ұйымдастырушылар жұмыста ұлттық киім кию эстафетасын Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына және жергілікті «Көкше» телеарнасының ұжымына тапсырды.


Ақмолалық мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келе бастады

ERNUR.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері ақмолалықтарды ұлттық киіммен жұмысқа келуге шақырып, ерекше челлендж бастап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған челлендж өңірде наурыздың 22-не дейін жалғасады.

«Ұлттық киімді көпшілікке насихаттау, жастарды барлық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін біз бұл челленджді жарияладық. Енді күн сайын әдемі қазақ қамзолдарында жұмысқа барамыз. Отбасындағы әр адамның осындай киімі бар-ол әжесінен немесе атасынан алған», - деп атап өтті Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Ұйымдастырушылар жұмыста ұлттық киім кию эстафетасын Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына және жергілікті «Көкше» телеарнасының ұжымына тапсырды.

Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметінан атап өткендей, челленджді өңірдің кітапханалары мен мәдениет үйлері қолдады, олар да оған қосылады.

Апта соңына дейін акция облыстың барлық аудандарын қамтиды.