​"Ақорда тұрған жерде менің саяжайым болған" - Божко

0
3 051

Сол жағалауда саяжайлар ғана болатын, ал үйлер енді-енді салынып жатқан.


​

фото: photogoroda.com

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Астананың бұрынғы кезін есіне алды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен алғаш рет Астанаға 1989 жылы келгенмін, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болып жұмыс істедім. Бұл шағын, тыныш провинциялық қала болатын. Сол жағалауда саяжайлар ғана болатын, ал үйлер енді-енді салынып жатқан. Қазір президент сарайы мен көпір тұрған жерде менің саяжайым орналасқан. Жақсы саяжай болатын. Кейін біз көшіп кеттік. 1997 жылы келгенде саяжай әлі тұрды. Ал даму басталғанда жаңа өзгерістерді бақылаған қызық еді. Мұндай бұрын-соңды болмаған", - дейді Божко.

"Екі-үш апта қаланы араламасаң таңғалатын кездер болатын. Ештеңе жоқ жерде үй қабырғасы көтеріліп жататан. Динамика керемет. Сол кезде президент Астанада 270 мың адам тұрады десе, қазір оның саны миллионға жетіп отыр. Керемет, әдемі қала!" - дейді Владимир Божко.

Қазақстанда 6 шілдеде Астана күні тойланады. Сонымен қатар, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.