Ақпараттық технологияҚазақстанда интернет істемей қалды

0
734

​Қазақстандық интернет қолданушылар сәрсенбі күні таңертең бірқатар сайттарға кіруде қиындықтарға тап болды.


Ақпараттық технологияҚазақстанда интернет істемей қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 14 қазан күні таңертең интернеттен ақау шықты. Интернет ресурстардың бір бөлігі қолданушылар үшін қолжетімді болмады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сәрсенбі күні таңертең кейбір интернет-порталдар, оның ішінде шетелдік сайттар ашылмады.

Әлеуметтік желілердің жұмысында да проблемалар болды. Мысалы, Twitter желісі үзік-үзік жүктелсе, мессенджерлер, соның ішінде Telegram тұрақсыз жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта интернет ресурстарға қолжетімділікте ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс берушілерге қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы кеңес берілген. Сондай-ақ, мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері де қашықтықтан оқытылады.