Ақсай өзенінде су жинау станциясы салынады

0
661

Биыл «Алмагүл» қосалқы станциясы, 2023 жылдың шілде айында «Тұздыбастау» қосалқы станциясы аяқталады.


Ақсай өзенінде су жинау станциясы салынады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, электрмен жабдықтау саласында 400 мың тұрғынды қамтитын 2 қосалқы электр станциясының құрылысы жүріп жатыр.

"Биыл «Алмагүл» қосалқы станциясы, 2023 жылдың шілде айында «Тұздыбастау» қосалқы станциясы аяқталады. Сонымен қатар ағымдағы жылы 138 км электр желілері жаңғыртылады. Сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Қарғалы өзеніндегі су жинау станциясының құрылысын аяқтаймыз. Жылдың соңына дейін Ақсай өзеніндегі су жинау станциясының құрылысына кірісеміз және Ерменсай су құрылысының жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді", - деп атап өтті қала басшысы.

Сондай-ақ ол жаңа су көздерін салу қосылған аумақтардағы 150 мыңнан астам қала тұрғындарын қамтуды қамтамасыз етеді деп отыр.

"Биыл шамамен 110 мың адамды қамти отырып, ұзындығы 632,2 км сумен жабдықтау және канализация желілерінің 16 объектісінің құрылысы жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта 45 км желі тартылды. Жыл соңына дейін ұзындығы 371,2 км 10 объектінің құрылысы толығымен аяқталады. Нәтижесінде су құбыры бойынша желілердің тозуы55,8%-ға дейін, канализация бойынша – 57,5%-ға дейін төмендейді", - деді мегаполис әкімі.