Ақселеу Сейдімбекке орнатылған ескерткіш сынға ұшырады

0
861

Әлеуметтік желілерде көрнекті қаламгер, этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбекке орнатылған ескерткіш қызу талқыланып жатыр.


Ақселеу Сейдімбекке орнатылған ескерткіш сынға ұшырады

ERNUR.KZ. Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекхожин сынға ұшыраған ескерткішті алып тастау бойынша жұмыстардың басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Аудан әкімі бұл ескерткішті жазушының інісі Асылхан Сейдімбек өз қаражаты есебінен жасатқанын айтқан. Юржан Бекхожин тұлғаның бейнесіне сәйкес келетін ескерткіш қою үшін тиісті шаралар қолданылатынын да атап өтті.

“Кешеден бері олқы шыққан ескерткіш жайлы қазақтың әр азаматы өз ойын айтып, жанашырлық танытуда. Кеше ескерткішті орнынан алып, мүсінді қайта жаңғырту шараларын қолданатынымыз жайлы айтқан болатынмын. Бүгін Ақселеу ағамыздың ағайын-туысымен кездесіп, барлық жағдайды түсіндірдім, ұсынысымды айттым. Дәл қазір көңілге қонымсыз жасалған мүсінді бұзу жұмыстары басталды”, - деп Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекхожин Facebook парақшасында жазды.
Айта кетейік, күні кеше қазақтың маңдайына біткен дара тұлғаға арнап Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында ескерткіш бой көтерді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысқан болатын.