АҚШ-тағы банкте бұғатталған Ұлттық қордың активтері Қазақстанға қайтарылды

0
805

2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды.


АҚШ-тағы банкте бұғатталған Ұлттық қордың активтері Қазақстанға қайтарылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен тыйым салу алынды. Қаражат Қазақстан Ұлттық банкінің иелігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап бұғатталған еді.

«2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Стати жеңілісін мойындап, ҚР Ұлттық қорының 530 млн доллар активіне салынған тыйым алынатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.