АҚШ-тан келген байқаушы сайлауға қатысты пікір білдірді

0
367

19 наурыздағы алдын ала қорытынды бойынша сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс беруге қатысты.


АҚШ-тан келген байқаушы сайлауға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. АҚШ-тан келген байқаушы, Eurasian Security & Prosperity portfolio аға директоры доктор Камран Бохари Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, сайлаушылардың дауыс беруге барынша қатысуына назар аудару керек. 19 наурыз күні қала тұрғындары сайлау учаскелеріне қарай келіп жатқанын көрдік. Осы орайда олардың осы сайлауға келуін қандай себептер ынталандырып тұрғанын сұрап білдік», - деді доктор Камран Бохари елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Осы орайда ол биыл жаңа партиялардың қосылуы дауыс берушілердің таңдау жасауына әсер еткенін айтты.

«Біріншіден, алғаш рет қатысып жатқан жаңа партияларға мүмкіндік жасалды. Партиялар қандай құндылықты, ұстанымды насихаттап жатқанын қарасаңыз, бірқатар сала қамтылғанын байқауға болады. Жалпы, Қазақстан қазіргі күрделі геосаяси кезеңде өзінің бастамаларын жүзеге асырып жатқанын маңызды деп білеміз. Қазір сайлаудың түпкілікті нәтижелері жарияланған жоқ. Сондықтан нақты қорытындыны алғаннан соң, тиісті талдау мәліметін көпшілікке таратамыз», - деді байқаушы.

Айта кетейік, 19 наурыздағы алдын ала қорытынды бойынша сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс беруге қатысты.