​Ақсуда ақшақарлар флешмобы өтті

0
1 321

Мейірімді ертегі кейіпкерлері жиналған қауымды әдемі билерімен қарсы алды.


​Ақсуда ақшақарлар флешмобы өтті

ERNUR.KZ. Жаңа 2019 жыл қарсаңында Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының алаңында қалалық бас шыршаның шамдары жағылды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының әкімі баспасөз хатшысы Бақытгүл Еселбаеваның айтуынша, аязды күнге қарамастан әсем шыршаның айналасына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының қатары қалың болды.

- Мейірімді ертегі кейіпкерлері жиналған қауымды әдемі билерімен қарсы алды. Дәстүрлі шараға Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев қатысты. Аяз Ата, Ақшақар және 2019 жылдың иесі ізгі тілектерін білдірді. Бұдан кейін шаһар басшысы, Аяз Ата мен Ақшақар, Қыс кейіпкерлері жаңажылдық шыршаның шамдарын жақты, - дейді Бақытгүл Еселбаева.

Ғажайыпқа толы түнде аспан отшашумен көмкеріліп, жарқ-жұрқ еткен шырша шамдары қонақтарды мерекелік көңіл-күй мен шаттыққа бөледі.

Мұндай ерекше сыйлықты қала тұрғындары мен қонақтарына Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы сыйға тартты.

Алаңда жұмыс істеген «Аяз Ата шеберханасында» әртүрлі және ерекше шыршаларды тамашалауға мүмкіндік болды. Ал «Жаңа жылдық ермек» ойын алаңында балалар мен ересектер жылдамдық пен ептілік бойынша сыңға түсті. Сондай-ақ жаңа жылдық жәрмеңке барысында мереке қонақтарына жаурап қалмау үшін тегін ыстық шай таратылды.

«Аяз Ата шеберханасы» шыршалар фестивалінің үздіктері түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Оған қаланың мектептері мен балабақшалары атсалысты.