Ақтау тұрғыны 14, 12 және 10 жастағы қыздарын зорлады деп күдіктелуде

0
1 671

Дәрігер үш қызда да қыз абыройы жоқ деген тұжырымға келген.


Ақтау тұрғыны 14, 12 және 10 жастағы қыздарын зорлады деп күдіктелуде

ERNUR.KZ. Кішкентай қыздардың анасы оларды әкесі және пәтерді жалдап тұрушы зорлағанына сенімді, деп жазады stan.kz.

Отбасы тұрған үйде өрт шықпағанда ешкім бұл оқиғаны білмейтін еді. Өрттен аман қалғандарға “Клуб добряков Ақтау” еріктілер тобы көмектесуге ниеттенді. Және дәл осы еріктілер кішкентай қыздардың зорланғанын біліп, қоғамның көмегіне жүгінді.

“Біз өрттен кейін қандай көмектің қажет екенін анықтау үшін зардап шеккен Иринаға келдік. Ол материалды көмектің керек еместігін, бірақ 14, 12 және 10 жастағы қыздарына психологтың қажет екенін айтты. Кенже қызы бала күнінен мүгедек жан. Иринаның айтуы бойынша, өзі он үште болғанда, ата-анасы дүниеден озып кеткен. Оны анасының құрбысы қамқорлыққа алған. Әйелдің жиырма алты жастағы Мұрат есімді ұлы болған. Ер адам асыранды сіңлісін үйіне көшіп келгенде зорлап тастаған. 14 жасында Ирина Мұраттан алғашқы қызын босанады, 16 жасында тағы бір қызды дүниеге әкеледі. Сосын ол Мұраттан кетіп қалып, басқа ер кісіден қыз бала туып, оған қайтып келеді. Осыдан кейін Иринаның ұлы өмірге келеді. Ол үлгі болатындай өмір сүрмегенін мойындайды. Жеке өмірін құрумен әлек болып, балаларының тәрбиесімен онша айналыспаған. Төрт жыл бұрын Ирина бір ер адамды кездестіріп, соның үйіне көшіп кеткен. Төрт баланы Мұратқа тастаған. Балаларының өмірімен Ирина сирек қызығатын. Жақында ол балаларын өзіне көшіріп алды. Сол кезде қыздары әкесінен және 26 жастағы пәтер жалдаушыдан бірнеше рет зорлық көргенін айтып берген”, — дейді “Клуб добряков” еріктілері.

Иринаның сөзін балалармен көрші тұрған көршілер растады.

“Олар Мұраттың балалар порносын қарап жатқанын көрген. Сонымен қатар, олар балаларға тамақ алып барғандарын айтты. Бірақ Мұрат барлығын өзі жеп, балаларға тек сүйектерді берген. Олардың сөзінше, балалар жаман жағдайларда өмір сүрген. Сондай-ақ көршілер балалардың сексуалды зорлыққа ұшырағанын естіген. Мұны тіпті мектептегі балалар да біледі. Алайда, ешкім бұл жайтты органдарға хабарламаған. Балаларды құтқаруға тырыспаған”, — дейді еріктілер.

Ирина еріктілермен бірге балаларды дәрігерге алып барған. Дәрігер үш қызда да қыз абыройы жоқ деген тұжырымға келген. Ең үлкен он төрт жастағы қыз тоғыз жасында, ал ең кішкентайы 2018 жылдың желтоқсан айында зорланған. Тұжырымдама бойынша, әр қызға зорлықтың екі сорақы түрі жасалған. Екі қыз мұндай арсыздықты әкесі жасағанын айтса, кішкентайы бірге тұрған кісіні нұсқап отыр.

Ирина осы тұжырымдамамен Ақтаудың прокуратурасына алып барған. Ол жерде арызды қабылдамай, әйелді Мұнайлы ауданындағы ІІБ-ге жіберген.

“Алғашқыда арызды қабылдағысы келмеді. Сосын дәрігердің тұжырымдамасы жеке ауруханадан болса, оның дәлел бола алмайтынын айтты. Өйткені дәрігер сатып алынған болуы мүмкін. Ақырында бөлмеге сегіз полиция қызметкері жиналды. Олар үлкен қызыма қысым көрсетіп, сұрақтарды жаудыртты. Қызым шошып кетіп, тұйылып қалды. Оның психикасы онсыз да бұзылған”, — дейді Ирина.

Бұл оқиғаға қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Балалардың расында зорлық көргені не көрмегені жақын арада тергеу жұмыстары басталғанда анықталады.