Ақтау тұрғыны жаңажылдық дәстүрдің кесірінен өліп қала жаздады

0
703

Ол үшін 1 қаңтарда Каспийге түсу дәстүрге айналған.


Ақтау тұрғыны жаңажылдық дәстүрдің кесірінен өліп қала жаздады

ERNUR.KZ. Каспий теңізіне жүзбек болған Ақтау қаласының тұрғыны өлім аузынан қалды, деп жазады stan.kz.

1 қаңтар күні таңертеңгі сағат 7-лер шамасында ер адам 4-ықшам ауданда теңізге секіріп, батып кетті.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды. Оқиға орнына төрт минуттан кейін медициналық топ келді.

«30 жастағы науқасқа суға батып, аспирация синдромын алды диагнозы қойылды. Мамандар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізді. Науқас жалпы қан анализінен, биохимиядан және іш қуысының ультрадыбысынан өтті», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ақтаулықты хирург-травматолог қарады. Науқас ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартты.

Ер адам бұл теңізде қыс кезінде бірінші рет жүзуі емес екенін түсіндірді. Ол үшін 1 қаңтарда Каспийге түсу дәстүрге айналған, бірақ бұл жолы сәтсіз болған.