Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды (видео)

0
730

Зардап шеккен тағы төрт адам ауруханада жатыр.


Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды (видео)
ERNUR.KZ. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.


Жол апаты 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.


"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді)", - деп хабарлады ведомство.


Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.