Ақтауда балаларды қыдыртатын ат талып түсті

0
805

Ат балаларды күнделікті сағат 19.00-ден түнгі уақытқа дейін қыдыртқан.


Ақтауда балаларды қыдыртатын ат талып түсті

ERNUR.KZ. Ақтауда балаларды қыдыртатын ат талып түсті, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ат күн қатты ыстық болғандықтан талып түскен.

"Ат тәулік бойы балаларды қыдыртады, соңында өзі талып түсті. Барлығы көз алдымда болды. Ол талып түсіп, еш қимылдамай жатты", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Алпамыс.

Оның айтуынша, ат тек 40 минуттан соң есін жиды.

Басылымның мәліметінше, оқиға орнына полицейлер келген. Ал соң манда демалушылардың айтуынша, ол ат балаларды күнделікті сағат 19.00-ден түнгі уақытқа дейін қыдыртады.