Ақтауда Daewoo Nexia автокөлігі қақпаға соғылып, жүргізуші қаза тапты

0
1 311

Жол апаты Мұңайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылында болған


Ақтауда Daewoo Nexia автокөлігі қақпаға соғылып, жүргізуші қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтауда Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жер үйдің қақпасына соғылды, деп жазады sn.kz.

Жол апаты Мұңайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылында болған.

38 жастағы жүргізуші жол апатынан алған жарақаттан оқиға орнында қаза тапты.

Бұдан басқа тағы жол апаты Ақтау-Жетібай тас жолында болды. Көлік жүргізушісі рөлде көзі ілініп кетіп, жол қоршауға соғылған. Жол апаты салдарынан алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.