Ақтауда дәретхана салуға бюджеттен 55 млн теңге бөлінді

0
382

Оның әр қайсысы үшін бюджеттен 11 млн теңгеден төленген.


Ақтауда дәретхана салуға бюджеттен 55 млн теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Ақтауда бес қоғамдық модульдік дәретхана салынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Оның әр қайсысы үшін бюджеттен 11 млн теңгеден төленген. Дәретханалардың құнын жариялаған Ақтау әкімдігі бес жаңа модульдік орынға барлығы 55 млн теңге бөлінгенін нақтылады.

Модульдік дәретханалар "Ынтымақ" алаңында, Ту қойылған орталық алаңда, "Самал" шағын ауданының қасында, Приморский елді мекенде және 7 шағын ауданның жағасында орнатылады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі модульдік әжетханалар күрделі құрылыссыз салынатынын хабарлады.

Айта кетейік, Ақтау қаласының тұрғындары 7 шағын аудандағы жағалауда теңізден 20 метр қашықтықта қоғамдық дәретхана салуға наразы болды. Олар кәріз сулары теңізге ағып кетеді деп қоратындарын жасырмады.

Кейін 11 шағын ауданының тұрғындары "Ынтымақ" алаңына қоғамдық дәретхана салуға қарсы шықты. Қала тұрғындарының айтуынша, алаңындағы сауда павильондарының аумағында қоғамдық әжетхана бар және жеке үй-жай салудың мағынасы жоқ деп санайды.