​Ақтауда екі әйелге ер адам шабуыл жасап, біреуін өлтірді

0
941

Қайғылы оқиға 5-шағын аудандағы 28-ші үйде болған.


​Ақтауда  екі әйелге ер адам  шабуыл жасап, біреуін өлтірді

ERNUR.KZ. Ер жігіт екі әйелге шабуыл жасап, біреуін жаралады. Ал екінші әйел алған жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мұндай қылмысты бірінші рет жасамаған, деп жазады "Лада" порталы.


Оқиға Ақтаудың 5-ші ауданындағы 28-ші үйде болған.

"Ол мұндай қылмысты бұған дейін де жасаған болатын. Менің білуімше, күдікті осыған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Бұл пәтерден үнемі айқай-шу еститінбіз. Олар бір-бірімен жиі төбелесіп, жанжалдасатын. Талай рет арыз да жаздық. Бірақ бұл фактіге ешкім тиісті деңгейде көңіл аударған жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.