​Ақтауда көктайғақ салдарынан жолдарда жылқы мен түйелер құлап жатыр

0
1 212

Көктайғақ ұсақ және ірі жол-көлік оқиғаларына себеп болуда.


​Ақтауда көктайғақ салдарынан жолдарда жылқы мен түйелер құлап жатыр

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары қала сыртындағы тайғақ жолда жүре алмай, құлап жатқан жылқы мен түйелердің видеосымен бөлісті, деп жазады Baq.kz.

Көктайғақ салдарынан ондаған ұсақ және ірі жол-көлік оқиғалары болды және қоғамдық көліктер кестеден кешігіп жүр, тіпті жолға шықпай қалған қоғамдық көліктер бар.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық мекемелерге аз уақыт ішінде 24 адам әртүрлі жарақатпен түскен.