Ақтауда қолында пышағы бар ер адам банкке шабуыл жасады

0
842

43 жастағы азамат ұсталды.


Ақтауда қолында пышағы бар ер адам банкке шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Бұл жайында Ақтау қалалық Полиция басқармасындағылар мәлімдеді. Қазір қарақшылық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп жазады exk.kz.

Аталған құзырлы органның ресми парақшасында жарияланған видеоға зер салсақ, қолында пышағы бар ер адам банк бөлімшесіне кіреді. Ол әлдекіммен әңгімелесіп, суық қаруын ары-бері қозғалтады. Дәл сол сәтте банк ішіндегі басқа адамдар әлгі еркектің қолын қайырып, дер кезінде ұстайды.


Полиция басқармасының мәліметінде 16 қаңтар күні белгісіз біреудің ішімдік ішкен күйде 31 а ш/а №14 мекен-жайындағы "Халық банкте" тұрған адамдарға пышақ көрсетіп, қарақшылық шабуыл жасағаны айтылады.

Жедел іздестіру нәтижесінде Ақтау қаласы ПБ қызметкерлері 43 жастағы азамат қолға түсіп, қамауға алынды, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.