Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылып, өртеніп кетті (видео)

0
913

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылып, өртеніп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда көліктің жарылу сәті видеоға түсіп қалды деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде көліктің жарылған сәті бейнеленген видео тарады.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше түнгі сағат 23:28 шамасында болған.


«34 шағын ауданда жолда келе жатқан «Daewoo Nexia Ns 150» маркалы көлігі толығымен жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 23:45-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге мамандар мен 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.