Ақтауда көтермелі кран құлап кетті (видео)

0
795

Көтермелі кран өз-өзінен құлай бастаған.


Ақтауда көтермелі кран құлап кетті (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда құрылыс нысанында көтермелі кран құлап кетті, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 14 қаңтар күні сағат 15:55-те орын алған. Келіп түскен ақпарат бойынша көтермелі кран "Бәйтерек" сауда орталығына қарама-қарсы 19 ықшам-ауданындағы құрылыс нысанында құлаған.

Құлаған кран түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбада екі ер азаматтың әңгімесі естіледі. Біреуінің сөзінше, көшеде өтіп бара жатқанда көтермелі кран өз-өзінен құлай бастаған.

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда.