Ақтауда теңізге батып кеткен студенттің TikTok-тағы видеосы пайда болды

0
553

Сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан болатын.


Ақтауда теңізге батып кеткен студенттің TikTok-тағы видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып кеткен 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын Желіде жарияламақ болған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, суға батып кеткен жігіт өлі табылған. 8 маусымда сағат 7:33 шамасында сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан.

Еске салайық, 7 маусымда Ақтауда Бейнеу ауданының тумасы, қаладағы колледждердің бірінде 1-курс оқитын студент теңізге батып кеткені хабарланған болатын.