Ақтауда жоғалып кеткен әйел туралы ақпарат үшін қомақты сыйақы жарияланды

0
1 053

Ізім-қайым жоғалып кеткен Ақтау тұрғыны Гүлбибі Бимырзаеваны 2018 жылдың 30 қарашасынан бері іздеп жатыр


Ақтауда жоғалып кеткен әйел туралы ақпарат үшін қомақты сыйақы жарияланды

ERNUR.KZ. Үш айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен Гүлбибі Бимырзаеваның туыстары оның қайда екені туралы сенімді ақпарат берген адамға ірі көлемде ақшалай сыйақы төлеуге дайын екенін жариялады. Әйелдің жоғалып кеткені туралы 2018 жылы қарашаның соңында белгілі болған, деп жазады sputniknews.kz.

Әбден уайымдаған туыстары бірден полицияға хабар беріп, арыз жазған, алайда Полиция департаменті әйелді әлі күнге дейін таба алмай отыр. Ал 50 жастағы Гүлбибінің туыстары мен жақындары полициядан бөлек өз күштерімен іздеу жүргізуде. Оны табуға көмектесетін ақпарат берген адамға туыстары ірі көлемде сыйақы ұсынып отыр – 2 миллион теңге. Бұл хабарландыру Ақтаудың бүкіл аудандарында ілінген.

Гүлбибі Бимырзаева 2018 жылы 30 қарашада із-түзсіз жоғалып кетті. Оны сол күні соңғы рет Ақтаудың 6-шы шағын ауданындағы тіс емханасынан көріпті. Бақылау камерасына түсірілген жазба бойынша, әйел кешкі бес пен алты аралығында емханадан шығып барады. Ол сол беті хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған күні үстіне жасыл пальто киіп, басына орамал таққан, аяқ киімінің түсі қара. Гүлбибі Бимырзаеваның қайда екенін білетін жан болса, туыстары келесі нөмірге хабарласуды сұрайды +7 701 403 26 19, +7 775 886 44 13, +7 708 296 63 72 немесе «102».