Ақтауда жол талғамайтын көлік жердің астына түсіп кетті (видео)

0
927

Облыстық полиция департаменті оқиғаның канализация мәселесіне байланысты болғанын айтты.


Ақтауда жол талғамайтын көлік жердің астына түсіп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда жол талғамайтын көлік жерге түсіп кетті. Келеңсіз жағдай бүгін, 18 қыркүйекте "Маңғыстаумұнайгаз" ғимараты аумағында орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео кадрынан Toyota көлігінің алдыңғы жағы жерге "кіріп" кеткенін анық байқауға болады.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның канализация мәселесіне байланысты болғанын айтты.

Ведомство көлік "Маңғыстаумұнайгаздың" қызметкеріне тиесілі екенін атап өтті.

Toyota иесі жағдайды өз бетімен шешуге уәде бергендіктен, бұл факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылмағаны белгілі болды.