Ақтауда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген бала жол апатына ұшырады (видео)

0
871

Кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарына қоңырау шалудан бас тартып, олардың телефон нөмірін бермей қойған.


Ақтауда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген бала жол апатына ұшырады (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жол талғамайтын көлікті тізгіндеген кәмелет жасқа толмаған бала жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп жазады Stan.kz.

Екі жеткіншек отырған көлік Daewoo Nexia маркалы көлікке соқтығысқан. Бұл кезде жеткіншектердің бірі көлікті тізгіндеген екен.


Куәгерлердің сөзінше, шамамен бес шақырым қашықтықты жүріп өтіп, артынша жол-көлік оқиғасына ұшырапты. Кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарына қоңырау шалудан бас тартып, олардың телефон нөмірін бермей қойған.

Облыстық полиция департаментіндегілердің сөзінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2 және 5-тармақтары (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырылған.

«Материалдар Ақтау полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандардың ісі бөліміне жіберілді. Ақпараттар жиналғаннан кейін, материалдар қалалық әкімдік пен кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілетін болады», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Жеткіншектер тізгіндеген көлік айып тұрағына қойылды.