Ақтауда жолаушылар автобусы көшенің қақ ортасында отқа оранды (видео)

0
844

Оқиға орнында екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді.


Ақтауда жолаушылар автобусы көшенің қақ ортасында отқа оранды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда 11 маусым күні, кешкі сағат 21.00 шамасында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті деп жазады nur.kz.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

ПАЗ автобусы Burger King кафесіне қарама-қарсы бетте, 16 ықшамауданында отқа оранған.


"Қызыл жалын сағат 21:15-те ауыздықталды. Оқиға орнында екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.