Ақтауда жолбарыспен серуендеп жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

0
1 002

Табиғатты қорғау инспекция қызметкерлері жолбарыс жетектеген адамды тапты.


Ақтауда жолбарыспен серуендеп жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам теңіз жағалауында жолбарыстың күшігімен серуендеді. Тұрғандар осы сәтті видеоға түсіріп жариялады. Видео желі қолданушыларын таңғалдырды. Кадрда ер адамның итпен және жолбарыстың баласымен серуендеп жүргені көрсетілген, деп жазады stan.kz.

Екі жануар да қарғыбаумен, бірақ тұмылдырығы жоқ. Табиғатты қорғау инспекция қызметкерлері видео кейіпкерін тапты. Төрт айлық жолбарыс Мәскеудің цирк труппа құрамының жануары екені белгілі болды. Ол карантинге байланысты қалада қалуға мәжбүр болған.

Полиция экзотикалық жануармен серуендегені үшін жаттықтырушыны жазаламайды. Ер адамға ауызша ескерту жасалып, төтенше жағдай кезінде ережелер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.