Ақтауда жолдың қақ ортасына отырып алған қыз бен жігіт елді шошытты

0
1 058

Олар қозғалыстағы көліктерден қорықпаған.


Ақтауда жолдың қақ ортасына отырып алған қыз бен жігіт елді шошытты

ERNUR.KZ. Ақтауда сауда орталығы маңындағы жолдан өтіп бара жатқан қыз бен жігіт көлік жүретін бөлікке отырып алғаны туралы видео тарады, деп жазады kaz.nur.kz.

Бейнежазба кадрларынан жастардың жол ортасында отырғанын аңғаруға болады.

Ал жүргізушілер олардан жолды босатуды сұрауда.

Желі қолданушылары пранкке наразылық білдіріп жатыр. Олар видеоға полиция назар аударып, "батырларды" әкімшілік жазаға тартуды сұраған.

Көпшілік бұл "ойынды" ақымақтыққа теңеп, оның қауіпті екенін айтып жатыр. Ақтаулықтар көлік жүргізушілері қалжыңбастарды байқамай, қағып кетуі мүмкін еді дейді. Одан кейін кінәлі көлік жүргізушілері болады.

Басылым хабарлауынша, полиция аталған видеоны тексеріп жатыр.