Ақтауда жүргізуші билеп жатқан қыздарды капотында сүйреген (видео)

0
940

Видеода Mercedes-Benz жүргізушісінің автотұрақта баяу қозғалатынын көруге болады.


Ақтауда жүргізуші билеп жатқан қыздарды капотында сүйреген (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда кабриолет жүргізушісі екі қызды көлігінің капотында сүйреген, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға кеше, 24 қыркүйекте болған. Ереже бұзушыларды "Мираж-2" патрульдік қызметі батальонының қызметкерлері патрульдеу кезінде анықтаған.

Видеода Mercedes-Benz жүргізушісінің автотұрақта баяу қозғалатынын көруге болады. Бұл кезде капотта қыздар билеп жатады. Содан кейін артынша екінші қыз билеп шығады.

"Жүргізуші жол ережесін бұзды, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593, 612 және 595-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді", - деді облыстың бас полициясы Бақтыбаев Жанарбек.