Ақтаудағы пәтердегі жарылыс: дәрігерлер әскери қызметкердің жағдайы туралы айтты

0
427

Жарылыс әскери қызметкердің пәтерінде болған.


Ақтаудағы пәтердегі жарылыс: дәрігерлер әскери қызметкердің жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері үйде белгісіз заттың жарылуынан зардап шекті. Дәрігерлер ер адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәліметінше, әскери қызметкер 3 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне түскен.

"Науқас сағат 13:28-де жеткізілді. Қабылдау кезінде ол барлық сұрақтарға жауап берді. Дәрігерлер жарақатқа шұғыл тексеру жүргізіп, сол қолды білекке дейін кесу туралы шешім қабылдады. Қазір ол травматология бөлімінде емделіп жатыр", - деп хабарлады ауруханада.

Жарылыс әскери қызметкердің пәтерінде болған.

"Ақтау әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісі үйде белгісіз заттың жарылуынан жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.