Ақтаудағы үйлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды

0
652

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.


Ақтаудағы үйлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адамның денесі табылды. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Мәйіт №9 ықшам аудандағы 25-ші үйде табылған. Куәгерлер ер адамның денесі пәтерлердің бірінде табылғанын айтып отыр, деп хабарлады Lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"102 нөміріне хабар 6 сәуір күні сағат 11:50 кезінде түсті. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен адам өлімінің себебі анықталып жатқаны айтылды.