Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)

0
1 375

Жағажайда жалаңаш "жын-ойнақ" ұйымдастырған жергілікті жердің азаматы екен.


Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)

ERNUR.KZ. Әуесқой желі қолданушылары түсірген видеода балық аулап отырған мосқал кісінің артында, жағажайда анадан туғандай жалаңаш күйде билеп тұрған адам талқыға түсті. Арада көп уақыт өтпей, жалаңаш билеген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Qamshy.kz.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, әлгі ер адам демалушылардың көзінше жалаңаштанып, онысымен қоймай рұқсат етілмеген орында темекі шеккен. Демалушылардан түскен қоңырау бойынша жағажайға жеткен тәртіп сақшылары "бишіні" құрықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген.

Жағажайда жалаңаш "жын-ойнақ" ұйымдастырған жергілікті жердің азаматы екен. Өзінің өрескел әрекетін азамат түсіндіріп бере алмады.

Тәртіп бұзушы тарапына Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-тармағы және 441-баптың 1-тармағы бойынша жаза тағайындалды.


434-баптың 1-тармағы бойынша құқық бұзушы бес айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (12 025 теңге) немесе 10 күн әкімшілік қамауға алынады.

441-баптың 1-тармағы бойынша рұқсат етілмеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін үш айлық есептік көрсеткіш (7 215 теңге) көлемінде айыппұл салынады.