Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео

0
1 059

Төбелес кезінде тастан бастап қаруға дейін қолданылған. Полиция бұл оқиғаны бұзақылық фактісі бойынша тексеретін болады.


Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы 12-ші шағын аудан тұрғындары ауладағы төбелесті видеоға түсіріп алды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға жексенбі, 22 қыркүйек күні болған.


Жігіттер бір-біріне тас пен бөтелке лақтырып, пневматикалық қару қолданған.

Полиция видеоны тексерді. Төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды. Олар жауап алу үшін жергілікті полиция қызметіне жеткізілген.

"Бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірнеше адамның қатысуымен болған мұндай бұзақылық үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе түзеу жұмыстары түріндегі жаза қарастырылған. Бұзақылық жасағандарға қатысты бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.