​Ақтаудағы жарылыс орнынан 11 жаттығу снарядтары табылған

0
1 425

Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшеуі ауруханаға жеткізілген.


​Ақтаудағы жарылыс орнынан 11 жаттығу снарядтары табылған

ERNUR.KZ. Ақтауда жарылыс орнынан "Арлан" қызметкерлері 11 дана танк жаттығу снарядтарын тапқан. Алдын ала болжам бойынша оқыс оқиға снарядты детонациялау кезінде болған, деп жазады NUR.KZ. ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған.

Салдарынан бес адам зардап шеккен. Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшеуі ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиға орнында құрамында үш адам мен бір техника бар ІІД"Арлан" арнайы бөлімшесі мен 9 адам мен екі техникасы бар облыстық ТЖД жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, кешкі 18-00-ге таман Ақтауда метал қабылдайтын орында жарылыс болғаны хабарланған еді.