Ақтаулық блогер Каспий теңізінің таязданғанын видеоға түсіріп алды

0
1 049

19 қарашада Азамат Сәрсенбаев "Кендірлі" курорттық аймағына барып, квадрокоп арқылы теңіздің таязданған тұсын түсіріп алды.


Ақтаулық блогер Каспий теңізінің таязданғанын видеоға түсіріп алды

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тартылғанын видеоға түсіріп, өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz.

19 қарашада Азамат Сәрсенбаев "Кендірлі" курорттық аймағына барып, квадрокоп арқылы теңіздің таязданған тұсын түсіріп алды.

"Германия мен Голландия ғалымдары жүз жылдықтың соңына қарай Каспий деңгейі 9-18 метрге төмендеуі мүмкін деп санайды", - дейді Сәрсенбаев.

Lada.kz мәліметінше, "Қазгидромет" сарапшылары 18-23 қараша күндеріне Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің деңгейіне қатысты болжам жасаған. Мәселен, Солтүстік Каспийдің орташа деңгейі -28,34 метр шамасында, ауытқуы -28,04 метрден 28,65 метрге дейін болады деп күтілуде. Орта Каспийдің орташа деңгейі - 28,50 метр, ауытқуы -28,06 метрден 29,01 метрге дейін болады деп болжанды.

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында Экология министрлігі Каспийдің таяздануы түсірілген басқа видеоға түсінік беріп, оған себеп климаттың өзгеруі мен антропогендік әсер екенін жеткізген.