Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
976

Мұның алдында Ақтөбе қаласы әкімінің қызметін Ілияс Испанов атқарды.


Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

ERNUR.KZ. Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласына әкім болып тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды, деп жазады holanews.kz.

Абдуллин Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 жыл арасында Ойыл ауданының әкімі болды.

2015 жылғы 4 желтоқсанда Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Алға ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың 5 шілдесінде Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары қызметіне келді.